Бұл ТМД елдері арасындағы ең төменгі көрсеткіш, деп жазды Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап.
Осы жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанда 2,6 мың тонна қозғалтқыш отыны (бензин, авиациялық отынды қоса алғанда) өндірілді, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1%-ға аз, деп хабарлады Energyprom.kz.
Өңірлер арасында ең көп бензин Шымкентте өндірілді: 919,5 тонна, бір жылда 4,6%-ға төмендеген. Үздік үштікке Павлодар (818,5 тонна) және Атырау облыстары (792,1 тонна) енді.
Авиациялық отын небәрі 5,1 тонна өндірілсе, қозғалтқыш бензинінің өндірісі 2,6 мың тоннаға жеткен. Оның ішінде АИ-92 бензині 2,1 мың тоннаны, АИ-95 – 442,4 тоннаны, АИ-98 – 14,9 тоннаны құрады.
Осы жылдың маусым айының соңындағы мәлімет бойынша бензин бағасы бір жыл бұрынғыдан 2 пайызға қымбаттады. Маусым айында АИ-92 маркалы бензиннің бір литрі 202 теңге, АИ-95/96 – 253 теңге, АИ-98 – 292 теңге болды.
Өңірлер бойынша бензин бағасы ең көп Алматы қаласында қымбаттады: жылына 4,1%-ға. Одан кейін Батыс Қазақстан (жылына плюс 3,5%), Атырау (плюс 3,2%) және Қарағанды (плюс 3,2%) облыстары келеді. Ең аз жылдық баға өсімі Жамбыл облысында тіркелді: 0,2%. Еліміздегі 20 өңірдің екеуінде баға төмендеді: Қызылорда облысында – 0,1%-ға, Шымкентте – 0,3%-ға.
2024 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша Қазақстанда бензин, Numbeo мәліметі бойынша, 0,49 доллар тұрады.
Бұл ТМД елдері арасындағы ең төменгі көрсеткіш. Салыстыру үшін айтсақ: Ресей мен Әзербайжанда бензиннің құны 0,62 долларды, Беларусьте — 0,74 долларды, Өзбекстанда — 1,01 долларды, Арменияда — 1,37 долларды құрады.
Әлемдегі ең арзан бензин Ливанда: бар болғаны 0,03 доллар. Одан кейін Мысыр (0,26 доллар) мен Алжир (0,33 доллар) келеді. Ең қымбат бензин Гонконгта (3,11 доллар), Сингапурда (2,14 доллар) және Швейцарияда (2,11 доллар) сатылады.