Caravan Logo

Әлемдегі ең атақты футболшы қыз зорлағаны үшін қамауға алынды

Әлемдегі ең атақты футболшы қыз зорлағаны үшін қамауға алынды

Айтуынша, футболшы оны түнгі клубтардың біріндегі дәретханаға апарған, ол кеткісі келетінін айтса да, бразилиялық оны жібермеген, деп хабарлайды  Caravan.kz медиа-порталы vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

«Мен ол есіктің артында не тұрғанын білмедім, тағы бір VIP-бөлме болады деп ойладым. Қарсы болдым, бірақ ол менен әлдеқайда күшті ғой», – деді бойжеткен.

Бұған дейін Алвес төрт жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екені хабарланған болатын.


Испанияның заңына сәйкес жыныстық зорлық-зомбылық үшін төрт жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған. Алвес кепілсіз қамауға алынды, ал мексикалық «Пумас» клубы онымен келісімшартын бұзды.

Алвес – әлемде атағы ең көп футболшы. Ол 46 жүлдені жеңіп алған.