Журнал мәліметінше, тізімге кіргендердің арасында мыналар бар: Владимир Ким ("Қазақмыс") - $4,7 млрд, Александр Машкевич - $3,3 млрд (ЕПА), Патох Шодиев ("Қазақстан Алюминийі") - $3,3 млрд, Алиджан Ибрагимов ("Қазхром") - $3,3 млрд, Тимур мен Динара Құлбаевтар (Қазақстан Халық Банкі) әрбіреуінің байлығы $2,7 млрд бағаланады), Нұржан Сұбханбердин - $1,8 млрд, (Қазкоммерцбанк) мен Болат Өтемұратов - $1,0 млрд.
Жалпы алғанда, Forbes версиясына сәйкес, 2007 жылдың қорытындысы бойынша әлемде 1125 миллиардер тіркелді.
Дүниежүзіндегі ең бай адамға Билл Гейтсті артқа тастаған танымал американдық инвестор Уоррен Баффетт ($62 млрд) саналады. Екінші орында телекоммуникация магнаты әрі Латын Америкасындағы ең ауқатты адам, мексикандық Карлос Слим ($60 млрд) орныққан. Microsoft Билл басшысы Билл Гейтс Forbes тізімінде биыл 3-ші орынға тұрақтады ($58 млрд).
Forbes есебінше, әлемдегі барлық миллиардерлердің жиынтық ауқаты 4,4 трлн долларға тең.