Әлемдегі ең қарт адам көз жұмды

Си-Эн-Эн телеарнасының хабарлауынша, ол 1896 жылы 26-тамызда Теннеси штатында дүниеге келген.

Туыстары оның «ұзақ және жақсы өмір сүргенін» айтады. Бірде ұзақ өмір сүруінің сырын сұрағанда кейуана «өз шаруаларыммен ғана айналысамын және фаст-фуд жемеймін» деп жауап берген екен.
Енді Жер бетіндегі ең қарт адам титулы 105 жастағы Дина Манфрединиге өтеді. Италияда туылған қарт ана қазір Американың Айова штатында тұрып жатыр.