Әлемдегі ең қымбат автомобиль маркасы белгілі болды

Маркалар рейтингін Millward Brown Group британдық зерттеу желісіне қарасты Millward Brown Optimor компаниясы шығарды. Сарапшылар Toyota брендін 29,6 млрд. долларға бағалады. Бұл 2013 жылғы көрсеткішке қарағанда 21%-ға жоғары.

Екінші орынды 25,7 млрд. долларға бағаланған BMW еншіледі. Ал, Mercedes-Benz $21,5 млрд.-қа бағаланып, үшінші орынға тұрақтады.

Айта кетін нәрсе, үздік бестік қатарына Honda ($14,1 млрд) және Ford ($11,8 млрд) брендтері кірді.