Әлемдегі ең қымбат қалалардың тізімі анықталды

Одан соң рейтинг бойынша Париж бен Осло, Цюрих, австралиялық Сидней мен Мельбурн, Женева және Копенгаген орналасқан.

Лондон мен Нью-Йорк бұл тізімнің тіпті алғашқы ондығына да кіре алмады. Ғаламшардың ірі қалаларындағы өмір сүру бағаларын Economists' Intelligence Unit бөлімінің сарапшылары салыстырған. Тізімді құрастыру кезінде жеке көлікті күнделікті пайдалану шығыны, киім-кешек, тамақ, қызметтер мен баспана бағасы ескеріледі. 

Токио мен Лондон он бірінші орынды тең бөлісіп, Нью-Йорк 26-дан 22-орынға көтерілген.  Экономистер жыл аяғына дейін бұл тізім күтпеген ретпен өзгеруі мүмкін екендігін ескертті.

2015 жылдың ең қымбат қалалары:


1.Сингапур, Сингапур

2.Париж, Франция

3.Осло, Норвегия

4.Цюрих, Швейцария

5.Сидней, Австралия

6.Мельбурн, Австралия

7.Женева, Швейцария

8.Копенгаген, Дания

9.Гонконг, Қытай

10.Сеул, Оңтүстік Корея

Сондай-ақ сарапшылар 2015 жылдың ең арзан шаһарлар тізімін де анықтады:  

1.Карачи, Пәкістан

2.Бангалор, Үндістан

3.Каракас, Венесуэла

4.Мумбаи, Үндістан

5.Ченнаи, Үндістан

6.Нью-Дели, Үндістан

7.Тегеран, Иран

8.Дамаск, Сирия

9.Катманду, Непал

10. Алжир, Алжир