Әлемдегі ең танымал қазақстандықтар!

«Мегаполис» басылымы жазғандай, тізімдегі алғашқы орынды белгілі скрипкашы және дирижёр, Бирмингем консерваториясының профессоры Марат Бисенғалиев алған. Музыкант Алматы қаласында туған, 20 жылдан астам уақыт бойы Ұлыбританияда тұрып келе жатқанына қарамастан, Бисенғалиев азаматтығын ауыстырмаған.

Екінші орынды екібастұздық марафоншы Марат Жыланбаев иеленді. Ол адамзат тарихында алғаш рет ұлы Сахара шөлін солтүстіктен оңтүстікке қарай жүгіріп өтіп, 7 рет рекорд орнатты, сөйтіп, Гиннестің Рекордтар кітабынан лайықты орнын алды.

Үшінші орынға - 33 жастағы дирижёр Алан Бөрібаев тұрақтады. Ол Ирландияның ұлттық симфониялық оркестрінің музыкалық жетекшісі болып табылады.

Ингушетияның экс-президенті Руслан Аушев төртінші орыннан көрінді. Танымал саясаткер және қоғам қайраткері Көкшетау облысындағы Володар ауылында туған, бүгін ол жер Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданы деп аталады.

Бестікті КСРО халық әртісі, марқұм Олег Янковский тұйықтайды. Ол Жезқазғанда дүниеге келген. Кейінірек Янковскийдің отбасы Саратовқа көшкен, белгілі актердің шығармашылық жолы осы жерде бастау алды.

Айта кетейік, тізімдегі 5 қазақстандық та әртүрлі салаларда көзге түскен: кейбіреуінде Қазақстан азаматтығы жоқ болса да, оларды қандай жағдайда да Қазақстанмен жиі байланыстырады, деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.