Әлемдегі ең үздік мейрамхана анықталды

Шетелдің БАҚ-тың хабарлауынша, даттық мейрамхана өзінің бәсекелесі Жирондағы испандық El Celler de Can Roca-дан озып, The World's 50 Best Restaurants Awards рейтингісінде көш бастады. Бұл тізімді жасауда 900-ден астам сарапшының пікірі есепке алынды.


Noma мейрамханасын белгілі аспазшы Рене Редзепи басқарып келеді. Ол 2010-2012 жылдар аралығында да әлемнің үздік мейрамханаларының тізімінде бірінші орыннан көрінген еді.