Әлемдегі ең ұзын Конституция кітабы жасалды

Ұзындығы екі жүз метр, ені 80 сантиметр болатын кітапты мұғалім Конституция күні қарсаңында арнайы жасатқан. Бір ай бойы оның көлемін ойластырып, кейін жергілікті әкімдікке барып жоспарын жеткізіпті. Шенділердің қолдауымен 300 парақтан тұратын кітапты қазақ және орыс тілдерінде жасап шығарған. Сосын бірде-бір қатесі жоқ кітапты Кентаудағы Тәуелсіздік аллеясында парақтап көрсетіп, тұрғындарды таңғалдырды. Бір қызығы Тұрар рекордқа лайықты осы жұмысын әзірге үйде сақтап отыр.


Тұрар Омаров, Кентау қаласының тұрғыны:

-Оны әшейін басып шығарудың өзіне  12 сағат уақыт кетті. Оның айналасын жабыстырып шығудың өзіне 10 күндей уақыт кетті. Өйткені ол бір-біріне жабысып тұру керек. Ұшып кетпеу керек .