Әлемдегі ең жас миллиардер әйел белгілі болды

31 жасар «селф-мейд» (әйел миллиардер) Элизабет Холмс АҚШ-та тұрады. Оны журналистер «юбка киген Стив Джобс» деп атайды.

Элизабет Холмс Theranos фармакологиялық компаниясының негізін салушы, сондай-ақ компанияның ірі құрылтайшыларының бірі. Оның жеке қазынасы 4,6 млрд долларға тең, ал бизнесі 9 млрд долларға бағаланады.

Theranos компаниясының негізгі өнімі - адамның қанына талдау жүргізу арқылы оның денсаулығын анықтайтын диагностикалық технология. Осы технологияның арқасында адам денсаулығын зерттеу өте арзан, тез, өнімді және еш ауыртпалықсыз жүргізіледі. Theranos инновациясының негізгі құндылығы: пациенттің тек бір тамшы қанын пайдаланып, 30-дан астам медициналық зерттеу жүргізуге болады, яғни оның денсаулығы туралы өте көп мағлұмат алуға мүмкіндік бар деген сөз.

1984 жылы дүниеге келген Элизабет Холмс Forbes тізіміне 2014 жылы ілінді. Ол 19 жасында Стэнфорд университетіндегі оқуын тастап, бизнеспен айналысуға бел буады.