Әлемдегі физикадан ең беделді халықаралық жарыста Қазақстан намысын бес оқушы қорғауда

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

ҚР Оқу-ағарту министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, әлемдегі ең беделді зияткерлік жарыстардың бірі саналатын олимпиада 4-12 шілде аралығында ұйымдастырылып, биыл оған 90 елден 400-ден астам үздік жас физик қатысуда. Олимпиада аясында қатысушылар теориялық және эксперименттік кезеңдерден өтіп, күрделі физикалық есептерді шығарып, зертханалық жұмыстарды орындайды.

"Оқу-жаттығу жиындарының қорытындысы бойынша жасақталған Қазақстан ұлттық құрамасының сапына бес оқушы енді".ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

Олар:

Ұлттық құраманың жетекшілері

Айта кетсек, физикадан халықаралық олимпиада 1967 жылдан бері өткізіліп келеді. Қазақстан IPhO олимпиадасына 1997 жылдан бастап тұрақты түрде қатысып келеді. 2025 жылы ұлттық құрама екі күміс және үш қола медаль жеңіп алды.