Әлемдегі сауатсыз адамдардың саны белгілі болды

«Әлемде 750 млн-нан астам адам сауатсыз. Олардың үштен екі бөлігі -әйелдер.  Мектеп жасындағы шамамен 250 млн. бала сауатсыз болса, 124 млн. бала мен жасөспірім сабаққа қатыспайды», - делінген Пан Ги Мун жолдауында.

Бас хатшы планетаның барлық тұрғынына оқу және жазып үйренуге мүмкіндік беруге шақырды.