"Әлемдік алпауыт қайдағы алыпсатарға есесін жіберді...Енді майлы сыбағаға қол жеткізгенге біздің мемлекет басы артық екі миллион евросын төлеуі керек,-дейді мақала авторы.
Естеріңізге сала кетейік, әңгіме Алматы әуежайының ұшу-қону алаңына арналған радионавигациялық қондырғыларды мемлекеттік сатып алу жөніндегі ашық тендер туралы сөз болып отыр. "Қазаэронавигация" РМКәсіпорнының әкімшілігі тендер өткізіп, байқаудың тапсырыс қағазында жұмысты 2007 жылдың 1-ші қазанына дейін 4,485 млн евроға жасаймын деп көрсеткен германиялық "BAN 2000 GmbH" компаниясын таңдаған. Ал байқаудың енді бір қатысушысы -норвегиялық Park Air Systems компаниясы: "біз жұмысты жарты жылда 2,919 млн евроға жасап береміз",- деп көрсеткен.
"Казаэронавигация" РМК бас директоры Сергей Кульназаров "біз байқау жеңімпазының қаржылық көрсеткіштерін тексермеппіз" дейді.
Kazakhstan today агенттігінің деректерінше "BAN 2000 GmbH" компаниясының жылдық қаржылық көрсеткіші 3 млн евро ғана. "Қаржылық айналым -мүмкін сенімділіктің басты көрсеткіші емес шығар",- деп көңіл көншіткісі келеді Кульназаров. Өйткені ол шағын компаниялармен жұмыс істеуді ертегіге теңейді. Ал "Park Air Sistems" компаниясының сайтындағы мәліметтерге сүйенсек, оның жылдық қаржы айналымы 120 млн$. Оның өнімдері әлемнің 168 елінде қолданылады. Компанияның Англия және Норвегиядағы кәсіпорындарында 400-ден астам адам жұмыс істейді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті