Әлемдік алтын нарығында баға ауытқулары орын алуда

HSBC банкінің мамандарының атап көрсеткеніндей, алтын бағасына Америка валютасының салыстырмалы түрдегі әлсіздігі, энергия көздерінің жоғарғы бағасы мен инфляция айтарлықтай ықпал етіп отыр.

Олардың паймдауынша, дүниежүзілік экономиканың тұрақсыздығы, инфляцияның өсуі мен доллар бағамының төмендеуі жағдайында алтын бағасының жаңа қарқынмен өсуін болжауға болады. Алтын бағасының өсе беретініне мұнай бағасының жоғары деңгейден түспеуі дәлел бола алады. Ол инфляциялық тәуекелдерден сақтану үшін осы металлдың сатылуын ынталандырады.