"17-20 маусымда Әлемдік банк президенті тұңғыш сапармен Қазақстанға келеді. Сапар барысында ол ел басшылығымен бірқатар кездесулер өткізеді деп жоспарланған",- деді ресми өкіл.
Е.Ашықбаевтың айтуынша, "Қазақстан Әлемдік жүзі банк тобымен ынтымақтастықты сәтті дамытуда. 1992 жылдан бері банк Қазақстанға 2 млрд АҚШ доллары шамасында қаржы берген".
Әлемдік банк Қазақстан экономикасын модернизациялау ісінде, ауыл шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау, инфрақұрылымды дамыту салаларындағы жобалардың жүзеге асырылуына қолдау көрсетіп, Қазақстанның үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдары үшін кіші-гірім гранттар бөлу бағдарламасын іске асырады.