Фестиваль әр елдің әртістері арасындағы ең мықтылардың өнер додасы ғана емес, халықаралық қазылар алқасы сараптайтын ең ірі бағалау алаңы ретінде есте қалмақ.
«Астаналық цирк» манежінде Астана тұрғындары мен қонақтарына Ресей, Қытай, Моңғолия, Вьетнам, Беларусь, Якутия, Украина, Өзбекстан және Қазақстанның әртістері өнер көрсетеді. Олардың көбі бүкіләлемдік фестиваль жеңімпаздары мен лауреаттары, өз жанрларының хас шеберлері, цирк әулетінің ұрпақтары. Фестиваль бағдарламасы әр қатысушы мемлекет бірігу арқылы ұлттық цирк ерекшеліктерін ортаға салатын «жанды» әрі бірегей шоуға қанық.
«Азия жаңғырығы» халықаралық цирк өнері фестивалінің айтулы оқиғасы - фестиваль қатысушыларының үрмелі оркестр сүйемелдеуімен астана көшелеріндегі «Кавалькада» мерекелік шеруі.
Кавалькада - «Азия жаңғырығы» фестиваліне қатысушы әртістердің қала көшелеріндегі мерекелік шеруінің бағдары: Цирк - Сарыарқа даңғылы - Бөгенбай батыр даңғылы - Республика даңғылы - Цирк. Өтетін күні - 30 маусым. Уақыты - 18:00.