Әлемдік футболда аты аңызға айналған Хорст Хрубеш Семейге аттанды

Хорст Хрубеш - танымал неміс футболшысы және жаттықтырушысы. 62 жасқа келген аяқдоп шебері Германия құрамасы үшін 21 матчта ойын көрсеткен.

Месут Озиль, Сами Хедира, Томас Мюллер, Андре Шюррле, Марио Гётце сынты атақты футболшылар Хрубештің шәкірттері.

Хорст Хрубеш Германияның жалпы футбол тарихындағы үздік шабуылдаушылардың ондығына кіреді. Оған қоса, неміс футболының үздік 33 ойыншысының бірі.


Хорст Хрубеш - УЕФА Еуропа жаттықтырушыларының үйлестіру кеңесінің мүшесі.