Әлемдік мұнай бағалары айтарлықтай төмендеді

РБК мәліметтері бойынша, алдағы айларда мұнайдың ресми фъючерстері бойынша, Лондонның InterContinental Exchange Futures биржасында IPE Brent Crude маркалы мұнайдың бір баррелі $94,39 құрайды. Бұл алдындағы көрсеткіштен $2,40 төмен. Ал Нью-Йорктің New York Mercantile Exchange биржасында Light, Sweet Crude Oil маркалы мұнай баррелі-$95,09 болады( $2,82 төмен).

РБК ақпараты бойынша, 2 қаңтарда мұнайдың Light Sweet маркасының ақпан фьючерстері Нью-Йорктың сауда биржасында (NYMEX) бір баррелі жоғары деңгейге көтеріліп, бір баррелі $100 сатылды. Мұндай баға, фьючерсі $4,02 қымбаттағанда ғана орнықты.

РБК хабарлағанындай, сарапшылардың пікірінше, мұндай бағаның шарықтауына әлемдегі геосаяси жағдайдың тұрақсыздығы және қуат қорларының аз көлемінен туындап, спекулятивтік алып- сатарлыққа соқтырған.