Әлемдік нарықта күміс құнының көтерілуі байқалады

Батыс сарапшылардың басым көпшілігі биылғы жылы күміс құнының айтарлықтай көтерілетінін күтпеген. Өйткені, былтырғы жылы нарықта оған деген сұраныс өсіп отырған . Америкалық CPM Group консалтингтік компаниясының күміс нарығына қатысты жасаған кезекті шолуында айтылғанындай, американдық өндірісте (зергерлік бұйымдарды шығаратын өндірістерді қосқанда ) күміске деген сұраныс оның жоғары құнына байланысты төмендеді.

Жалпы әлемдегі күміс нарығындағы жағдайға қарап, қаңтар айының соңына дейін осы металдың құны жоғары болады деп топшылауға болады.