Әлемдік қауымдастық Қазақстанның ядролық қаруға қарсы бастамаларын жоғары бағалайды - Корея Республикасының Президенті Пак Кын Хе

Бұл туралы бүгін Корея Республикасының Президенті Пак Кын Хе G20 саммиті алаңында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен екіжақты кездесу барысында мәлімдеді.

Пак Кын Хе Қазақстанның жетістіктерімен, оның ішінде жеке Президенттің тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуына қосқан үлесімен жақсы таныс екенін ерекше атап өтті. «Сіз өз еліңіздің негізін салған ел дамуының әкесісіз», - деді ол.

«Сіз ядролық қарудан өз бетіңізше бас тарттыңыз. Сол үшін де әлемдік қауымдастық Сізге сыйластықпен қарайды және бастамаларыңызды қолдайды, - деді Оңтүстік Корея басшысы. - Сіздің көшбасшылық қабілетіңіз болмағанда Қазақстанның экономикасы бүгінгі жетістіктеріне қол жеткізе алмас еді».

Н. Назарбаевтың Қазақстанға мемлекеттік сапарымен келу ұсынысына Пак Кын Хе көп ұзамай бұл мәселенің шешілетінін айтты.