Әлемдік қорғасын нарығында баға өсті

Қорғасын және мырыш нарығын зерттеу жөніндегі халықаралық топтың мәліметінше, 2008 жылдың қаңтар-мамыр айында әлемдік қорғасын өндірісі азайып, аталған металдың әлемдік тұтынымы осы мерзімде ұлғая түсті.

2008 жылы қорғанысқа деген әлемдік сұраныс 4%-ға өседі деп күтілуде. Сұранысқа сай келу үшін дүниежүзіндегі қорғасын өндірісі 5,4%-ға өсуге тиіс. JOGMEC ақпаратына сәйкес, кеннен қорғасын өндіру жаңа кеніштерді игеруге байланысты 10%-ға өседі.

SOGRA ақыл-кеңес беру компаниясының болжамына сәйкес, биыл байқалған бағаның сәл арзандауынан кейін, 2009 - 2016 жылдар аралығында қорғасын құны артады.