Аталмы сұраққа дзюдодан мемлекеттік жаттықтырушы Жандос Әбілмұталіпұлы жауап берді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Білесіздер, дзюдода әлемдік рейтинг бар. Бізде ұлттық құрамада әлемдік рейтингке және спортшының жағдайына қарайды. Елдосты да бұл жерге әкелуге болады. Бірақ, оның үшінші Азия ойындары болады. Біріншісінде чемпион болды, екіншісінде білесіздер, 2018-де ұтылды. Әлемдік рейтингте 60 кг-да біздің үш спортшымыз тұр. Олар: Шәмшәдин, Серікбаев және Сметов. Азия ойындарына мемлекеттің кіл мықтысын әкелуіміз керек. Рейтинг бойынша да қазір Шәмшәдин өтіп тұр. Ал, Елдос өз ұпайын өзі жаңартып, старттарда тиісті деңгейін алса, оны халық қуана күтеді ғой. 2013-тен бері бүгінге дейін 10 жыл бойы бүкіл старттарды Елдос жауып келді ғой. Сондықтан, халық оны жақсы көреді, ол - заңдылық. Бірақ бізде әлемдік рейтинг бойынша Шәмшәдин тұр", - дейді жаттықтырушы.