Хатшылықтың бас қосуы барысында алдағы құрылтайдың тұжырымдамасы дәйектелді. Хатшылықтың мәжілісі барысында дінаралық диалог принциптері айқындалды.
Құжатта атап көрсетілгеніндей, дінаралық диалог әділеттілік, төзімділік, өзара сыйластыққа негізделуі тиіс. Диалог барысында әріптестер тең құқыққа ие болып, әрбір мәдениеттің, тіл мен салт-дәстүрдің біртұтастығын ескеру негізінде ой-пікір, көзқарас мен наным-сенімді еркін білдіретін кеңістік қалыптасға тиіс. "Мұндай диалог қандайбір діннің екіншісінен асқақтығын паш етуге тиіс емес, ол керісінше діндер арасындағы айырмашықты жақындата түсуге бағышталуы қажет. Ол бір-бірін танып-білуге және өзара сыйластыққа бағытталғаны жөн",- деп атап өтті хатшылық.
Сонымен бірге Әлемдік және дәстүрлі діндер құрылтайы хатшылығының кезекті төртінші мәжілісін 2006-жылғы көктемде Астанада өткізуге шешім қабылданды.