«Біз жаһандық мәселелерді шешу мен діни қақтығыстарды азайтуда мүдделілік танытатын мемлекеттерге ұсыныстар жасау үшін Діни қызметкерлер кеңесі жанынан арнайы комиссия құру жұмысын қарастырдық. Аталған мәселені түбегейлі қарастыру келесі отырысқа қалдырылды», - деп атап өтті ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рәпіл Жошыбаев отырысты қорытындылай келе.
Жалпы Р. Жошыбаевтың атап өтуінше, пікірталастар нәтижесі бойынша съездің Хатшылығына Қазақстан мен оның көшбасшысының дінаралық үнқатысуды қалыптастырудағы үлкен тәжірибесін тұжырымдап, одан әрі дамыту үшін түрлі академиялық топтармен, оқу орындарымен, басқа да ұйымдармен кеңейтілген жұмыс жүргізуге кеңес берілді.