"Әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің ІІ сьезі дінаралық диалог принциптері атты мазмұны жағынан бірегей құжатты қабылдады. Онда біздің диалог одан әрі жалғасын тапқан жағдайда біз басшылыққа алатын базалық принциптер көрініс тапқан",- деді сьезге төрағалық жасаған ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Сьездің баспасөз қызметі мәтінін таратқан жобаға сәйкес, дінаралық диалог принциптері бұл диалогтың "адалдық пен ұждандылық, төзімділік, момындық пен өзара құрметтеушілікке" негізделетінін меңзейді. "Диалог бірақ басқа дінге нанатын адамды өзге дінге бұруға немесе оны қорлауға, сондай-ақ, бір діннің екіншісінен артықшылығын баса көрсетуге бағытталуға тиіс емес".
"Диалог халықтардың бейбіт қатар тіршілік ету және жемісті ынтымақтастық орнату жолын ұсынады",-деп көрсетілген.
Сонымен қатар құжатта , "диалог қоғамда айрықша маңызды конструктивтік орын алатын діннің маңыздылығына ерекше назар аударады, делінген.
"Ол жалпы игілікке ықпал етеді , адамдар арасындағы жақын қарым-қатынастың маңызын мойындайды , сондай-ақ, қоғамдағы мемлекеттің ерекше орнын бағалайды",-деп көрсетілген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті