Концертті дайындау және өткізу барысында 19 млн 357 мың 200 теңге жинап алу көзделген, бұл ақша Қызылорда облыстық перинатальды орталыққа жабдық сатып алуға жұмсалмақ, деді "Аяла" қайырымдылық қорының вице-президенті Жангелді Сәрсенов бейсенбіде Алматыда "Интерфакс-Қазақстан" агенттігінде өткен баспасөз мәслихатында.
"Қазақстанда қайырымдылық шараларының жанданып келе жатқандығын көрдім. Әрине, мен де атсалысамын", деді М.Бисенғалиев, оның айтуынша, концертке сондай-ақ оның жиендері скрипкашылар Әмір және Ғалия Бисенғалиевтер де қатыспақ.
"Аяла" қоры және "Сбербанк" АҚ-ның еншілес банкі "Тынысты балақай" жобасы шеңберінде ұйымдастырған концерт 2-мамыр күні Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрында өтпек.