Әлемнің экс-чемпионы Головкинмен жұдырықтасқысы келеді

Бұрынғы алғашқы орта салмақта әлем чемпионы Деметриус Эндрэд (25-0, 16 КО) қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен (37-0-1, 33 КО) жұдырықтасқысы келетіндігін айтты. «Головкин осы салмақта көптен бері өнер көрсетіп келе жатыр. Онда барлық белбеу бар. Тек WBO ғана жетіспейді. Ол өзінің шаршы алаңдағы шеберлігін көрсету үшін көп жұмыс жасады», – деді Деметриус On The Ropes Boxing Radio-ға берген сұхбатында. «Мен өзімді өте жақсы сезінемін және кез келген қарсыласқа табандылық көрсете аламын. Бұл жолда әуесқой бокстан бастап тәжірибесі бар Головкин маған кедергі келтіре алмайды», – деп атап өтті ол.