Әлемнің танымал 100 кітабы қазақ тіліне аударылады

Оның аясында әлемнің ең танымал 100 кітабын қазақ тіліне аудару жоспарланған.

«Жас отан» жастар қанатының мүшесі Бақытжан Нарымбетовтың айтуынша, әлемнің үздік 100 кітабын іріктеу үшін арнайы комиссия құрылатын болады. Оның құрамына жас филологтар, белгілі блогерлер, ақын-жазушылар кіреді. Олар мемлекеттік тілге аударылатын әдебиеттің сапасын бағалайды. Сондай-ақ ғаламторда сауалнама жүргізіледі. Ол арқылы жастар өз дауысын қосып, үздік 100 кітапты іріктеуге қатыса алады.

Жалпы, «Кел, жастар, оқылық!» республикалық шарасының басты мақсаты - қазіргі жастардың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру. Ол үшін сан алуан мәдени іс-шараларды да ұйымдастыру жоспарланған.