- Француз актері Ален Делон аритмияға байланысты екі күнге ауруханаға жатқызылды, деп бүгін «Фигаро» газетінің интернет сайтында мәлімделген.
Басылым 77 жастағы актердің өміріне қауіп жоқ екенін жазады.
Дәрігерлер актерде 2012 жылы сәуір айында жүрек аритмиясы барын анықтаған болатын.
Ол кезде Ален Делон анестезия барысында электрошок жасалған соң бірден ауруханадан шығарылған болатын.