Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 5-желтоқсанда Қарағанды облысындағы "Шахтинская" шахтасында метан жарылысы салдарынан 23 адам мерт болды, бірнеше адам жарақаттанды.
Бүгінгі форум ҚР президентінің "Әлеуметтік -экономикалық және еңбек қатынастары саласындағы әлеуметтік әріптестік туралы" қаулыға қол қоюына 10 жыл толуына арналады. Форумға ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметов, Халықаралық еңбек ұйымы директорының орынбасары- ұйымның Еуропа мен Орталық Азиядағы аймақтық департаментінің директоры Фридрих Буттлер, республикалық, салалық және аймақтық әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты комиссиялардың өкілдері, сондай-ақ, парламент депутаттары мен үкімет мүшелері қатысуда.
Бас қосуға қонақ ретінде Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Грузия, Ресей, Словакия, Тәжікстан, Түрікменстан, Украина, Германия және АҚШ елшіліктерінің өкілдері шақырылған.