Әлеуметтік бағдарлама қызметіндегілер «памперстен» пайда тапқан


Медет Медіғатов, ШҚО прокуратурасының бөлім бастығы:

- Зырян ауданы бойынша 97 мүгедек тиісті үкіметтен берілетін гигиеналық заттарын осы күнге дейін алмаған. Ал Тарбағатай ауданында 86 мүгедекке тиісті медициналық қараулар  жасалмай келген. 

Тегін жаялықтарды облыстағы 400-ден астам мүгедек екі жыл бойы алмай келген. Осылайша әлеуметтік сала қызметкерлері 30 млн теңгені қалталарына басыпты. Ал хоспистердегі төсекке байланған мүгедектердің жеке заттарын ұрлаған орталықтың қызметкерлері енді заң алдында жауап береді. Ең сорақысы, олар облыстағы психикасы ауытқығандарға арналған мекемеден үш науқастың қашып кеткенін жасырып қалыпты. Қашқындардың біреуі тіпті кісі өлтіріп үлгерген.