Әлеуметтік демалыс деген не және ол кімдерге беріледі

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

ҚР ЕХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің бас сарапшысы Бибарыс Тәңірбергенұлының айтуынша, Еңбек Кодексінің 87 бабына сәйкес қызметкерлерге әлеуметтік демалыс алу құқығы беріледі. Атап айтқанда: 

"Әлеуметтік демалыс - бұл ана болу үшін қолайлы жағдайлар жасау, скрингтік зерттеуден өту, балаларды күту,  өндірістен қол үзбей білім алу және басқа да әлеуметтік мақсаттар үшін қызметкерді белгілі бір кезеңге жұмыстан босату". Бибарыс Тәңірбергенұлы

Оның айтуынша, көрсетілген демалысты беру жұмыс берушінің актісімен рәсімделеді. 

"Егер ҚР Заңдарында өзгешелік көзделмесе, әлеуметтік демалыста болу кезеңі еңбек өтіліне есептелетінін атап өткен жөн",- деп қорытындылады маман.