«Жоба өткен жылы жазда Ақтөбеде басталған еді. Картаның қаншалықты тиімді болғанын көріп, жобаны біртіндеп кеңейтуді ұйғардық. Осылайша әлеуметтік ID карта қазір Нұр-Сұлтан қаласында, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар және Маңғыстау облыстарында табысты енгізіліп жатыр.
Бүгінге дейін 45 мыңға жуық карта шығарылып, 31 мың транзакция жүзеге асырылды. Оның 10% жолақы мен мектептегі тағам ақысын жеңілдікпен төлеуге арналған. Жыл соңына дейін әлеуметтік карталарды республика бойынша енгізуді жоспарлап отырмыз», - деді вице-министр.