"Бүгінгі жағдаймен Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар өңірлерді өндірістендіруге белсене кірісті. Олардың қарауына 12,3 млрд доллардың 335 жобасы келіп түсті", - деді Е. Мамытбеков.
Оның мәліметінше, жалпы саннан 479,8 млн доллардың 28 жобасы мақұлданды. Сондай-ақ, 8,9 млрд доллардың 59 жобасы жұмыста жатыр.
"Құрылған жеті ӘКК-ның үшеуі - "Сарыарқа", "Батыс" және "Оңтүстік" нақты жұмысқа кірісті, оған 3,5 млрд теңге жұмсалды", - деді вице-министр.