Әлеуметтік жәрдемақылардың кімге тиесілі екені жаңа заңда көрсетілмек

Заңда тегін білім алу, зейнетақы, жәрдемақы, медициналық көмек пен еңбек тәртібінің нақты стандарты жазылады. Сол бойынша азаматтардың өздеріне тиесілі әлеуметтік қызметтердің жүзеге асу тәсілін және сапалы орындалуын кез-келген уақытта тексеруіне мүмкіндік туады. Сондай-ақ, құжатта ең төменгі күнкөріс деңгейінің, ең төменгі жалақы мен жәрдемақы, тіпті   жұмыс күнінің ұзақтығы, жыл сайынғы еңбек демалысының  қалай есептелгеніне дейін жіпке тізгендей етіп көрсетіледі. 


Дариға Назарбаева, Мәжіліс депутаты:

-Біз әлеуметтік стандарттардың нақты әрі сапалы  орындалуын көздеп отырмыз. Қазір көптеген стандарттар бар. Бірақ, бірінің соңында не сан, не есептеу методикасы жоқ. Мәселен, мәдени саладағы стандартта мың адамға бір бассейн деп көрсетілген. Егер осы талап шыныда да жүзеге асса, қазір бүкіл Қазақстан жүзіп жүретін еді.