Имам таңғы уақытта да, түнде де тікелей эфирімде көптеген адамның болуы, халықтың талпынысы екенін айтты, деп жазды Caravan.kz медиа порталы.
"Әлеуметтік желі бүгіннің мінберіне айналғандай. Елімізде бірнеше мыңнан адам жинайтын мешіттер санаулы. Ал, сол құлшылық мекеніне сонша адам топталуы да қиындау. Тек аптада жұмасы мен жылдық айт намаздарда ғана жамағат келеді. Сондығынан, осы бір желіні пайдалану заман талабы, әрі мүмкіншілік. Таңғы мезгілдің өзінде,түннің бір бөлігінде тікелей халықпен сұқбатымда көптеп тыңдармандардың қосылуы халқымыздың шынайы талпынысын, ізденісін көрсетеді", деп жазды имам.