Әлеуметтік желіде экстремистік жолға үгіттегендігі үшін қырғыз шекарашысы ұсталды


"Қырғызстанның мемлекеттік шекаралық қызметі ішкі тергеу барысында әлеуметтік желі арқылы Қырғызстанға жихад жариялаған әскери қызметшінің кім екендігін анықтады”, - деп хабарлады.

Ол жігіт ұсталған, қазір тергеу шаралары жүргізілуде. 4 сәуір күні Facebook-те жас жігіттің жихадқа шығатындарды іздеп жатқандығы туралы хабарлама жарияланған. Ол қасына алты адамды жиғанын айтқан, оның төртеуі балалар үйінде тәрбие алғандар.