Әлеуметтік желіде Сейітқазы Матаевтың үйінде тұрған суреті жарияланды

Фейсбуктің Axel Zhan есімді қолданушысы бюджеттің миллиондарын жымқырды деп айыпталып, үйқамаққа алынған Журналистер одағы төрағасының суретін жариялады. Онда Сейітқазы Матаев пәтерінің балконынан қарап, «бәрі жақсы» деген белгі беріп тұр.

Естеріңізге сала кетсек, Матаев «ҚазТАГ» агентігін басқарып отырған баласы Әсет екеуі бюджеттің 312 миллионнан аса теңгесін жымқырды деген айыппен ұсталған болатын. Олармен қатар Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің бұрынғы басшылары мен «Қазақтелеком» қызметкерлері де тергелуде.

Матаевтың қорғаушыларының айтуынша, оның үйқамақта отыру мерзімі 22 шілдеде біткен. Бірақ Сейітқазы Бейсенғазыұлының үйінің айналасында әлі күнге дейін күзет бар дейді олар.