Әлеуметтік желіде Шымкенттің шұрық-тесік көшелерін көрсететін видеолар жарияланды

Бұл туралы Фейсбук қолданушысы Қайсар Шерімнің жеке парақшасына сүйене отырып, Caravan.kz тілшісі хабарлады.

Шымкенттің шұрық-тесік көшелерін көрсететін бірнеше видео жариялаған Қайсар Шерім былай деп жазыпты: "Жол азабы... Еңбекші ауданына қарасты Бадам елді мекенінің (откорм совхоз) басты көшесі - Кенесарин. Орталық көшенің сиқы осы болса, кіші көшелерді көрмей-ақ түсінікті. Бүкіл көше бойында жалғыз аялдама бар. Жаяужол (тротуар) атымен жоқ! Қала аты болғанымен, шет жатқан ауылдардың жағдайы бұдан дұрыстау".