Әлеуметтік желіде жалған есіммен тіркелген күдікті қолға түсті

Интернетте әйел есімі мен тегін өзгертіп, өзі жайлы ақпарат орналастырған, деп хабарлады өңірдің ҚАЖ департаментінен. 

«Пробация» республикалық алдын алу шараларын жүргізу барысында Маңғыстау облысы пробация қызметінің қызметкерлері 2014 жылы жазда белгісіз бағытта бой тасалаған, ұрлық жасағаны үшін екі жыл шартты мерзімді өтеп жүрген әйелдің ізіне түсті», деп хабарлады өңірдің ҚАЖ департаменті пробация қызметінің бастығы Дәурен Иманғазин.

«Жалпы алғанда бұл сирек кездесетін жағдай, алайда оның суретін әлеуметтік желіден таптық, жалған есіммен тіркелген қылмыскердің Алматыдағы тұратын мекенжайын анықтауға да мүмкіндік туды. Ақтау қалалық соты тарапынан оған уақытша ешқайда кетпеу туралы қолхат берілген», - деді Д. Иманғазин.