Әлеуметтік желіде жаңа фильм пайда болды

Олжас Исаинов: Бұл фильмді көрген адам жақсылықтың не екенін түсінеді, бес күн жалған өмірде бір-бірімізді шынайы жақсы көріп, жүрегіміздің нұрланып, өзара мейірімді болуымызға шақырады. Қазір елімізде комедиялық фильмдердің көп болып кеткені жасырын емес, сол себепті де біз әлеуметтік тақырыптағы осындай фильмді түсіргіміз келді, ойымыз жүзеге асты. Әрине, кәсіби маман емеспіз, алайда арман алға жетелейді және оған ешкім кедергі бола алмас...

Қазіргі таңда кәсіби режиссерлердің барлығы комедия жанрындағы фильмдер түсіріп жатса, болашақ жас режиссер Олжас Исаинов бастаған ұжым қиялға ерік беріп, өздерінің адал еңбегімен 2039 жылға сапар шекті. 





Айта кететін жайт фильм ойдан шығарылған, сценарий де достардың көмегімен жазылған. Жас режиссердің осы туындысынан кейін бәлкім еліміздегі кәсіби режиссерлер ойланар.

Көрермендерге айтарымыз фильмді тамашалап, өз бағаларыңызды беріңіздер. Мүмкін осы фильмнен кейін көптеген сұрақтардың жауабына қанық боларсыздар.

Ал Caravan.kz медиа порталы арманы асқақ, мақсаты көзделген ұжымға тек сәттілік тілейді!