Әлеуметтік желідегі әдептің 10 ережесі: достарыңыз сізді жек көрмесін десеңіз

Әлеуметтік желі деген жегі құрт адам өміріне дендеп енгені сонша, ондағы әдеп ережесін ешкімнің ойлап таппағаны толғандырады. Арнайы топтардағы өзіндік тұғырнамалар, ерекше ережелер болып тұрады.

Жалпы әкімшілер қадағалауға алатын әр желінің өзінің де қағидаттары жетерлік. Ал, ауылдан келген Жапырақгүлдің жаңа достасқан желілік достармен қалай тіл табысқаны дұрыс? 

Мұның барлығы бізде әлі тек қана әр адамның өз түйсінуі арқылы ғана өрбиді. Біздің шартты Жапырақгүлімізге аз-кем көмектесіп көрелік.

Қандай посттар жостарды жалықтыратынын айтайық. Өйткені, кей тақырыптар достардың тынышын кетіреді. Кең таралған он қателік туралы айтпақпыз. Келісетіндер келісер, келіспейтіндер немен келіспейтінімен бөлісе отырсын. Ортақ мәмілеге келіп, желілік әдепті қалыптастырармыз.

1) «Тағамдық порноны» абайлаңыз

Ел ішінде «Инстаграмға сурет салмасаң - әндетпегенің» деген сөз тарап кетті. Шынында инстаграмдағы суреттердің көпшілігі дастархан басынан түскен суреттер.

Қала берді өзі жасаған тағам суреттері. Оны инстаграмға салудың не маңызы бар? Бұл риторикалық сауал шығар. Бірақ қатаң тыйым салу жоқ. Егер:

1) Тағамды өзіңіз жасап, жанына рецептін салсаңыз;

2) Жасаған тағамның ерекше құпияларын ашып, бөлісіп отырсаңыз;

3) Егер бұл тағам қандайда бір қызықты оқиғаға байланысты салынса;

4) Егер ол шын мәнінде керемет тағам болса, - онда мұндай сурет өзін ақтайды.


Ал, басқа жағдайлардағы тамақтың суреті тым тартымсыз келеді. Әсіресе, кафе-мейрамханаларда түсірілген болса. Таяздық деп түсініледі. Өзіңіз ойлап қараңызшы, түсте жеген «Му-му» салаты, кеште ауыз тиген чизкейік кімге қызықты болуы мүмкін?

Ғалымдар зерттеу жасап, осындай суреттерді қарау адамның тәбетін құртады деген тұжырымға келіпті.

2) «Селфи» жасауда асыра сілтеу болмасын

Адамның өзін өзі түсіріп, желіге салуы «селфи» аталады. Бұқаралық сипаттағы құбылыстың кең қанат жаюы соншалық, бұл сөзді 2013 «Оксфорд сөздігіне» енгізіпті. Не дейміз енді, тіпті Барак Обама да, Рим Папасы да мұндай дертке шалдыққан болса.

Жалпы алғанда мұндай суреттің еш сөкеттігі жоқ. Эйфель мұнарасының жанында тұрсыз, ал суретке түсіріп алар ешкім жоқ. Қайтпек керек? Мұнда «селфи» өзін ақтайтын жағдайда.

Ал, үйдегі телефонмен сөйлесіп тұрып, қабырғаға ілінген кілемнің тұсында, көзіңізге қара көзілдірік киіп алып «селфи» жасасаңыз, күлкілі әрине.

Жақында АҚШ-тың екі студенті «селфи-полиция» жасақтапты. Автопортрет жасаған адамды байқаған әлгі екеу айыппұл төле деп хат жазады. Бір доллар тұратын айыппұл қайырымдылық шараларға жұмсалады. Содан болар көптеген америкалықтар өзінің суретін салмастан бір долларды қайырымдылыққа деп салып жіберіп отырған.

Дайындаған: Фейса Рахат