Әлеуметтік желілер арқылы тауарларын өткізгені үшін жауапкершілікке тартылады

Қаржылық тергеу бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру шаралары барысында қала тұрғынының заңсыз әрекетін байқап қалды. Ол әйелдер мен балалар киімдерін, косметика өнімдерін танымал әлеуметтік желілердегі өзінің парақшалары арқылы саудалаған. Парақшасында тауардың суретін салып, құнын жазып отырған.

Қаржы милициясының қызметкерлері анықтағандай, 2 жыл ішінде заңсыз кәсіпкердің тұтынушыларының саны 300 адамға дейін жеткен. Олар жалпы сомасы Br183 млн. тауарға тапсырыс беріпті.


Заңсыз кәсіпкерлік әрекеті үшін азаматшаның үстінен қылмыстық іс қозғалды.