Куәгерлердің айтуынша, сол маңдағы кәріз құдығынан белгісіз пакет табылған. Әлеумметтік желілерде жарияланған суреттерде ішіне беймәлім сұйықтық зат құйылған бірнеше шыны шөлмек пен қысқартылып кесілген бірнеше білтемірді көруге болады. Бұған қоса бес литрлік пластмасса құты табылған. Полиция қызметкерлерінің табылған заттардан саусақ іздерін анықтап жатқаны байқалады.
Әзірге әлеуметтік желілерде жарияланған бұл суреттердің авторы кім екені белгісіз. Айта кетерлігі, жуырда еліміздің ішкі істер министрлігі полиция тарапынан қылмыс болған жерді смартфон арқылы суретке түсіріп алып, жалпыға жариялау, тәртіп бұзушылық екенін айтқан болатын.
Тәртіп сақшыларына ең алдымен аталған заттар салынған пакетті кімнің және не үшін әкеп тастағанын анықтау міндеті тұр.
Оқыс оқиға туралы қалалық ІІД әлі еш түсініктеме берген жоқ. Қазіргі кезде қоршауға алынған Республика алаңындағы қоршау алынып, полицейлер тарады. Адамдарға ғимаратқа кіріп-шығуға рұқсат берілді.