Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап, ҚазАқпарат деп хабарлады.
Қалалық полиция басқармасының мәліметінше, Стив Стивенс көшеде кетіп бара жатқан бейтаныс қарияны басынан атып, қылмыс орнынан еш алаңсыз бой тасалаған және онысын Facebook Live арқылы көрсеткен.
Ал Associated Press агенттігінің жазуынша, жасалған қылмыстың видеосы Стивенстің парақшасында үш сағатқа жуық уақыт тұрған, кейін ол алынып тасталды.
Ер адам әлеуметтік желі арқылы өзге де көптеген қылмыстарды жасағанын айтқан. Бірақ бұл мәлімдемелерінің нақтылығы әлі анықталмады. Полицейлер өздерінің Twitter-аккаунтарында күдіктінің фотосын жариялады әрі оның аса қауіпті және қарулы екенін атап өтті.