Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі сенат комитетінің атауы өзгерді

Бұл туралы «Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің тілшісі хабарлады.

"Қазақстан - 2050" стратегиясында және Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халыққа арнаған жолдауында отыз дамыған ел қатарына кіру жөнінде мақсат қойылды», - деп сенатор Ақан Бижанов бүгін Астанада пленарлы отырыста мәлімдеді.

«Президент өз жолдауында ғылымды дамытуға ерекше көңіл бөлген. Ғылымды дамыту мақсатында біз сенаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комитетін әлеуметтік-мәдени даму және ғылым жөніндегі комитет деп атауды ұсынамыз», - дейді ол.


Бұл ұсынысты депутаттар мақұлдап, тиісті қаулы қабылданды.