Алынған несиелік қаржы БТА-ипотека компаниясының клиенттері үшін ипотекалық несие беру көлемін арттыру үшін пайдаланылады.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, БТА-ипотека алғашқылардың бірі болып ипотекалық несиелерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы болған. Бұл компанияға несие алушылар үшін бастапқы жарна мөлшерін 10 процентке дейін, сондай-ақ, несие бойынша өсім ставкасын азайтуға мүмкіндік береді.
Ал осы аптада ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау Агенттігі БТА-ипотека компаниясының жуырда қабылдаған облигациялық бағдарламасы бойынша ипотекалық облигациялардың алғашқы шығарылымын тіркеді. Оның құны 10 млрд. теңге болды. Бірінші транш бойынша эмиссия көлемі 2 млрд. теңгені құрады. Жоба авторларының пікірінше, БТА-ипотека компаниясының облигациялық бағдарламасы халыққа несие беру үшін "ұзақ мерзімді" ақша тартуға ықпал етеді.