Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде Қазақстанда журналистика саласының негізін қалаушылардың құрметіне ескерткіш ашылады

Ескерткіштің ашылу рәсіміне Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің ректоры Төлеген Қожамқұлов қатысады.

Шара аясында Ұлттық Университетінің журналистика факультетінің 70 жылдық мерейтойына арналған кітаптың тұсаукесері өтеді. Кітапта Қазақстандағы танымал журналистердің 1000-нан астам фотосуреттері мен өмірбаяндары жинақталған. Бұл құжаттар еліміздегі тұңғыш журналистика факультетінің тарихынан сыр шертеді. Сонымен бірге кітапта осы 70 жылда факультетті тәмамдап шыққан түлектердің толық тізімі жарияланған.