Әл-Фарабидің туған жерінде ұлы ғалымның мұражайы ашылды

«Мұнда философ, математик, музыка теоретигі Насыр әл-Фарабидің өмірі мен қызметіне байланысты 6 мыңға тарта экспонат жиналды. Мыңға тарта экспонат – эксклюзив», - дейді экспозицияны жасаған этнодизайнер Аманжол Найманбай.

Бұл - дизайнердің 64-ші мұражайы. А. Найманбай соңғы жұмысы үлкен жауапкершілікті талап еткенін атап өтті.

«Бүкіл әлемге танымал ойшылдың отаны қазіргі Отырар ауданы деп есептеледі. Мұражайға келішулерге оның өмірінің басты кезеңдерін ұсыну – үлкен жауапкершілік», - деді дизайнер.

ОҚО әкімдігінің мәліметтеріне сәйкес, мұражайды ашуға қажет қаржы – Т26 млн облыс бюджетінен бөлінді.