Алғашқы қоңырау қай күні соғылады?

Алғашқы қоңырау қай күні соғылады? Алматы әкімдігі «қоңырау екінші қыркүйекте соғылады» деп, кейін ақпаратты қайта түзетті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Демалыс күніне тұспа-тұс келгеніне қарамастан, алғашқы қоңырау әдеттегідей бірінші қыркүйекте соғылмақ. Оқу-ағарту министрлігі де растады.

Бірақ тек 1-ші және 11-ші сыныптар үшін ғана. Кейбір мәліметке сүйенсек, жекеменшік мектептерде барлық сынып оқушылары үшін жексенбі білім күні. Ал мемлекеттік мектептерде қалған сыныптар Білім күніне арналған салтанатты іс-шараға қатыспайды. Оларға жаңа оқу жылы екінші қыркүйектен басталмақ.

Сол күні алдымен бірыңғай сынып сағаты өтіп, әрі қарай сабақ кестеге сай жалғасады.  

Айта кетейік, жаңа оқу жылында 345 мың жеткіншек мектеп табалдырығын аттамақ. Ал жексенбіде өтетін алғашқы қоңырауға қатысқан ұстаздарға ақы төленеді немесе мұғалімдер басқа күні демалыс алуға құқылы.